30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Шымкент: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Шымкент қаласының Абай аудандық «Сабыржан ата» мешіті және шаһардағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Құран және отбасы» тақырыбында Құран жарысы ұйымдастырылды.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының насихат жұмыстары Маңғыстау облысында қарқынды түрде жүріп жатыр. Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында ақпараттық-танымдық, рухани семинар өтті.

Ихсан кітабының аудио нұсқасы әзірленуде

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен басылып шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын насихаттау жұмыстары Өскемен аймағында қарқынды жүргізілуде.

Жастар күніне орай мешітте семинар өтті

Халықаралық Жастар күніне орай Алматы қаласы Алатау ауданының «Көк-Қайнар-1» мешітінде «Жастық шақтың қадірі» тақырыбында тәрбиелік мәні бар семинар өтті.

Талдықорған: Жеті бағыт бойынша есеп тыңдалды

Талдықорған өңірінің орталық «Иман» мешітінде қала-аудандардың бас имамдары мен ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға жауапты мамандары бас қосты.

Елордада республикалық Құран Кәрім жарысына іріктеу өтеді

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 тамыз күні «Aqmeshit» мешітінде елорда қариларының арасында Х республикалық Құран Кәрім жарысының іріктеу сайысы өтеді.

Енді жасөспірімдер кіші қажылық рәсімін өтей алады

Сауд Арабиясының Қажылық және Умра министрлігі 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге екпенің екі дозасын алған жағдайда кіші қажылық рәсімін өтеуге рұқсат алуға болатынын хабарлады.

33 елдің азаматтары кіші қажылық рәсімін өтей алмайды

Түркияның Дін істері министрлігі жексенбіде 33 елдің азаматтары кіші қажылық рәсімін жасай алмайтынын хабарлады, деп жазады IQNA агенттігі  Arabic.rt телеарнасына  сілтеме жасап. «Елдердің тізімі жаңартылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Қостанай: Биыл 5 мешіт пайдалануға беріледі

Қостанай өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірнеше мешіт пайдалануға берілмек. Бұл туралы мешіт құрылысымен танысқан облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет хабарлады.

Жастар күніне арналған онлайн семинар өтті

Елордада ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Жастық шақтағы кемелділік» тақырыбында онлайн форматта республикалық жастар семинар-тренингі өтті.