Бүгін Татарстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Аббяс Шляпошников пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы өзара достық және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Жаңалықтар
Наиб мүфти «Құл-Шариф» мешітіне барды
Татарстан астанасы Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен арнайы барған ҚМДБ делегациясы сапар барысында «Құл-Шариф» мешітіне ат басын бұрды.
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлына мұсылман әлемінің ерекше сәнді ғимаратын «Құл-Шариф» мешітінің имамы Ильназ Шарипов таныстырды.
«Құл-Шариф» – Татар хандығының мың жылдығына орай 2005 жылы пайдалануға берілген мешіт. Елге 922 жылы Ислам діні келгенінің белгісі ретінде Татарстан Президентінің бастамасымен мешіт 922 адамның намаз оқуына лайықталып салынған. Күмбезі 36 метрге, ал мұнараларының биіктігі 54 метрге дейін жететін мешіт 1552 жылы Иван Грозныйдың басқыншылығы кезінде құлатылған «Ақмешіттің» орнына ақ мәрмәрдан тұрғызылды. Ашылғанына 16 жыл болса да, тарихи маңызы бар мешітке татар халқының біртуар тұлғасы, имам, ақын Құл Шариф есімі берілген.



ҚМДБ делегациясы – Қазан қаласындағы саммитте
Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласында ХІІ Халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммиті басталды. Аталмыш саммит аясында «Russia Halal EXPO» халал индустрия көрмесі өтіп жатыр.
Ершат Оңғар Татарстан мүфтиімен кездесті
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар Татарстан мүфтиі Камил Самигуллинмен Қазан қаласында кездесті.
Мүфтияттың медиакеңістігі «MUNARA TV» телеарнасымен толықты
Құрметті көрермендер! Қадірлі жамағат!
Жеті бағыт бойынша жұмыс талқыланды
ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Сәтбаев ауылында «Көшербай абыз» мешіті ашылды
Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Сәтбаев аулында жаңа зәулім мешіт ауыл халқына есігін айқара ашты.
Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды
Жамбыл облысы Қордай ауданының Сортөбе ауылында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен былтыр «Имамдар үйі» ашылғаны белгілі. Сол уақыттан бері Имамдар үйінде түрлі іс-шаралар, игі бастамалар бастау алды.
Атырау мешіттерінде 17400 балаға сыйлықтар үлестірілді
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құрметіне Атырау облысы мешіттерінде 17400 балаға айттық сыйлықтары үлестірілді.
Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылдық мешітінде бүлдіршіндер арасында «Иманды ер – ел болашағы» тақырыбында құран жарысы өтті.
Павлодар: 438-ші баспана берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша 438-баспана Павлодар облысы Ақсу ауданына қарасты Мәмайт Омаров ауылында берілді.