29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Қиындықта ел бірге»: Маңғыстау мен Аралға 7500 түк шөп жіберілді

Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Қиындықта ел бірге» арнайы қайырымдылық жобасы құрылып, Маңғыстау және Қызылорда өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты республика имамдары асар ұйымдастырды.

Әдемі әуезді азаншы жаңа қызметке тағайындалды

Былтыр Маңғыстауда азаншылар арасында өткен «Әдемі әуезді азаншы» байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Ерлан Битенов Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық мешітінің азаншысы қызметіне тағайындалды.

«Уақып» қорының жаңа президенті тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ардақ Оразбаев Діни басқарма жанындағы «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті болып тағайындалды.

Талдықорған өңіріне жаңа бас имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Талдықорған өңірінің бас имамы болып Алмас Данағұлов тағайындалды. Ол – бұған дейін Алматы облыстық «Иман» мешітінің наиб имамы және Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы қызметін қатар атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Түркия мүфтиі Құрбан айтпен құттықтады

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күнінде 40 156 отбасыға ет таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында биыл тағы да қашықтан құрбан шалуды қолға алып, WWW.QURBAN2021.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Атырауда Айт намазы оқылып, құрбан шалынды

Пандемия жағдайына байланысты екінші жыл қатарынан карантин жағдайында өтіп жатқан Құрбан айт мерекесі Атырау өңірінде таңғы сағат 7.00-де Айт намазын оқудан басталды.

Алматы имамдары «Qurban-2021» акциясын бастады

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Алматы қаласы имамдары ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2021» онлайн қайырымдылық акциясы аясында құрбан шалу рәсімін бастады.

Елордада бүгін 450 қой сойылды

Бүгін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталып, исі мұсылман жұртшылығы ұлық мерекені барынша сауапты өткізуге кірісіп кетті. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, мұсылман жамағатының айт күнгі алғашқы атқаратын ісі – намаз оқу, одан кейінгі амалы құрбандық шалу.