Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Дерадикализация және оңалту үдерістері» тақырыбы бойынша жергілікті имамдар мен теологтарға арналған семинар-тренинг өтті.
Жаңалықтар
Құрбан айтқа орай ҚМДБ төралқа отырысы өтті
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ қызметкерлері мен имамдардың жиыны өтті.
ҚМДБ жұмыс тобы құрбандық малының бағасын бақылайды
Бас мүфти бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ Орталық Аппаратында арнайы жұмыс тобы құрылып, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандыққа шалынатын мал бағасын нақтылады.
ҚМДБ: 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көптеген мұсылман елдерінің ғұламаларымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады.
Қостанай: Ихсан жайлы жаңа кітап жарық көрді
Бас мүфти бастамасымен биыл Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп, түрлі игі істер атқарылып келеді.
«Халал Даму»: Еліміздегі ең ірі сауда орны тексерілуде
«Халал Даму» еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі «Magnum Cash & Carry» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендеріндегі ет және шұжық өнімдерін тексерістен өткізуде.
Теріс ағымдағы 86 адам дәстүрлі дінге оралды
Атырау облысында теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралған.
Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 мәрте теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.
«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі діни бағытқа қайтарылды.
Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар», – дейді Қайролла Көшқалиев.
inform.kz
Шымкент: Медресе түлектеріне диплом табысталды
«Шымкент» медресе-колледжінде бітіруші түлектерге арналған «Жолың болсын, жас түлек» атты диплом табыстау шарасы ұйымдастырылды.
Ақтөбе: Тасаттық намазын оқып, құрбан шалды
Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы қаланың жамағаты және мешіт ақсақалдарымен бірге табиғат аясына шығып, тасаттық намазын оқыды.
Құрбан шалуға қатысты ҚМДБ түсіндірмесі
Биыл барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт, Алла қаласа, шілде айының 20-22-сі күндеріне тура келуі ықтимал. Осы жағдайға сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсіміне қатысты төмендегі түсіндірмені ұсынады.
Жетісайда зират мәдениетін қалыптастыру жайлы жиын өтті
Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Нұғман мешітінде «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.