29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

QURBAN2021.KZ сайтына өтініш беру жалғасуда

Жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты құрбандық шалуды онлайн форматта жүзеге асыратын qurban2021.kz сайты ашылған болатын.

Бүгін, яғни, 19 шілдеге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен құрбан шалуға тапсырыс және мұқтаж отбасылардан құрбан етін алуға 6500-ге жуық өтініш түсті. Нақтырақ айтсақ, сайтқа 31 227 адам тіркелсе, соның 1460-сы – құрбан шалуға тапсырыс бергендер, ал 5039-ы – ет алуға өтініш бергендер.

612 тапсырыс беруші төлем жасап үлгерген болса, соның 448-і қой малын, 88-і ешкі, 22-сі ірі қараға, сондай-ақ 7 адам бірігіп 68 ірі қараны құрбан шалуға тапсырыс берген. Төлем жасап, құрбан малын нақтылаған тұрғындардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан. Мәселен, елордалық 141 тұрғын тапсырыс берсе, құрбан шалуға ниеттенген 196 алматылық төлем жасап үлгерген.

 257d3333-4c3f-4ac2-b7a1-1fb242e756ed.jpg

Әр құрбан шалушыға 1 сағат уақыт беріледіӘр құрбан шалушыға 1 сағат уақыт беріледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар карантин жағдайына байланысты офлайн форматта құрбан шалушылар бірқатар ережелерді ескеру керектігін алға тартты.

Құрбан айт: Қасапшылардың республикалық семинары өтті

Қасиетті Құрбан айт мейрамына орай «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен «Қасапшылық – сауапты hәм жауапты іс» тақырыбында онлайн-семинар өтті.⠀

«Қари болғым келеді» кітабы жарық көрді

Алматы қаласында исламтанушы, «Байкен» мешітінің ұстазыәрі«Балапан қари» орталығының жетекшісі Малика Айтжанқызының «Қари болғым келеді» кітабының танытымы өтті.

Қасапханаларда «ASHYQ» мобильді қосымшасы орнатылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар каратин жағдайына байланысты офлайн форматта құрбан шалушылар бірқатар ережелерді ескеру керектігін алға тартты.

ҚМДБ: QURBAN2021.KZ сайты іске қосылды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2021.kz сайты іске қосылғанын хабарлады.

Бас мүфти құрбан шалу рәсімі қалай өтетінін хабарлады

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталды.