29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Дін қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастамасы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында тұңғыш рет үстел теннисінен жарыс өтті.

Атырау: 355-баспана құлсарылық отбасыға бұйырды

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 355- баспана кілті берілді. Жаңа баспана Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы мұқтаж отбасына табысталды.

Атырау мешіттері және еріктілердің ұйытқы болуымен, асарлату арқылы баспаналы болған пәтер иесі – Айсұлу Кенжеғалиева. Бұл Атырау облысы бойынша тапсырылып отырған 20-пәтер.

Екінші топ мүгедегі Айсұлудың үш баласы бар. Бір баласы тумысынан дімкәс. «Мен мұндай бақытты күн туады деп армандаған да жоқпын. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысым шексіз» дейді Айсұлу. Мұқтаж отбасына баспана кілтін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев салтанатты жағдайда табыс етті.

 

Жұмысшыларға түскі ас берілді

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен ерекше қайырымдылық жасалды.

ҚМДБ: ақпан айында 1434 уағыз-насихат айтылды

Қазіргі таңда елімізде эпидемиялогиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанымен, мешіттерде айтылатын жұма уағыздар, бесін және ақшам уағыздары уақытша тоқтап тұр. Дегенмен өңірлердегі ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары уағыз-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде жан-жақты жүргізіп келеді.

«Берекелі жұма» акциясы жалғасын тапты 

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде көпбалалы және жалғызбасты аналарға азық-түлік сөмкелері таратылды. Аталмыш қайырымдылық шарасы 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

«Жасыл аймақтардағы» мешіттерде жұма намазы оқылды

Бүгін еліміздің бірқатар «жасыл аймақтарында» орналасқан қала, аудан, ауыл мешіттерінде жұма намазы оқылды.

Қарағанды облысы, Осакаровка аудандық «Тоқа Байғозы» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен жұма намазы өтті. Бас мүфти жамағатқа айтқан құтбасында «Исра және Миғраж оқиғасы» жөнінде тілге тиек етті. Жиналған жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы үшін дұға жасады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Павлодар, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарынан өзге аймақтардағы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазы оқылды.

3ca34e22-7258-4c4f-9eee-fa8200011ac3.jpeg

6412c68a-2ca2-44a2-a0a0-ecd5dc29d5f5.jpg

a723a015-ea95-4f0f-9dd3-5f338557413d.jpgd85e3489-9a68-42ec-bb8b-7b9b3eb3d986.jpg

96c1676a-1919-4c51-a58f-d7e3b1d931bb.jpg

7cea6852-34fc-4640-9dc8-72a59f4f7c83.jpg

89358ba3-3769-4716-b2c6-2f518ebf2f84.jpg

Жұма намазын оқуға қатысты брифинг өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында жасыл аймақта орналасқан мешіттерде жұма намазын оқу жөнінде арнайы БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Жасыл аймақтағы мешіттерде жұма намазын өтеу тәртібі

Өткен аптада Ведомствоаралық комиссия (ВАК) шешімімен 1 наурыздан бастап жасыл аймақта тұрған өңірлерде жұма намазын өткізуге рұқсат етілген болатын.

Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті.