Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы ақпан айында халықтан түскен жалпы 9725 діни сұраққа жауап берді.
Жаңалықтар
ҚМДБ: Кезекті бөлім сағатында жұмыс есебі тыңдалды
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті «Бөлім сағаты» өтіп, Қажылық бөлімі, «Tawaf Travel» қажылық фирмасы мен «Халал Даму» стандарт және сертификаттау ұйымының есебі тыңдалды.
ҚМДБ төрағасы Құран хатым дұғасын жасады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құранды хатым етіп, елімізде өрт салдарынан дүние салған отбасыларға арнап дұға жасады.
Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Павлодар облысына қарасты 4 мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды.
Әлжан ана рухына Құран бағышталып, қайырымдылық шарасы жасалды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде ерекше шара болып өтті. Құлшылық ордасына есімі берілген Әлжан Жатқанбайқызының дәл осы күні дүниеден озғанына орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі қызметкерлерінің қатысуымен арнайы Құран бағышталды. Нұрсұлтандай кемеңгер азаматты дүниеге әкеліп, ел тізгінін ұстаған қайраткер болып қалыптасуына ықпал жасаған асыл ананың жақсы қасиеттері мен сипаттары жайлы айтылып, Жаратушы Иеміздің шапағатын сұрады.
Маңғыстау: 300 отбасыға көмек көрсетілді
Маңғыстау: 300 отбасыға көмек көрсетілдіҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің аумағында «Аялы алақан», «Тайқазан» сынды бірқатар ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асып келеді.
Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті (ФОТО)
ҚМДБ Жастар ісі секторы жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан өкілдігінің Нұр Астана мешітінің ұйымдастыруымен футболдан Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті.
«QAMQOR-SHARAPAT» Елорда имамдарымен жүздесті
Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастаған болатын. Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлерімен алғашқы басқосу жиынын өткізді.
ҚМДБ төрағасы Атырауда қайырымдылық орталығын ашты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында «Иманғали» мешіті жанынан қайырымдылық орталығын ашты.
Бас мүфти 100 отбасыға Ережеп сыйлығын берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында жамағатты қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтап, сауабы мол айдың құрметіне 100 отбасыға арнайы сыйлық үлестірді.
ҚМДБ төрағасы Ғұламалар кеңесінің жұмысын қорытындылады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІХ мәжілісінің жұмысын қорытындылады.