Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Бөлім сағаты» жобасы бойынша өткен кезекті Аппарат жиналысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Уақып» қорының жаңа директорын таныстырды.
Жаңалықтар
«Бөлім сағаты»: «Уақып» қорының жұмыс есебі тыңдалды (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысын өткізді.
ҚМДБ Төрағасы парадзюдошы Ерғали Шәмеймен кездесті
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда Парижде өткен Паралимпиадада ел намысын қорғап, парадзюдодан күміс жүлде иеленген спортшымыз Ерғали Шәмеймен және оның жеке бапкері Дәурен Оразұлымен кездесті.
Елордада ІІІ республикалық «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілер форумы өтті (фото)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумы өтті.
Бас мүфти «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерін марапаттады
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
Түркия: ҚМДБ өкілі студенттермен кездесті
ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Абдурашит Карабаев өткен аптада Кония және Кайсери қалаларында болып, «Хасеки» академиясында діни білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
Бас мүфти Ресей мұсылмандарының VIII құрылтайына қатысты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеудің Мұнаралы мешітінде өткен Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының VIII Құрылтайына құрметті қонақ ретінде қатысты.
Бас мүфти «DINTELLECT» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын марапаттады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Республикалық бас мешітте «DINTELLECT» интеллектуалды білім сайысының финалдық кезеңі өтті. Білім сайысының жеңімпаздарын марапаттауға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
ҚМДБ Төрағасы жаңа проректорға құрмет көрсетті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің жаңа проректоры Ершат Ағыбайұлына құрмет көрсетті.
Бас мүфти «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты (фото)
Бүгін Тараз қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесі басталды. Көрменің ресми ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
ҚМДБ Төрағасы үздік халал кәсіпорындарды марапаттады (фото)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Таразда өтіп жатқан «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады.