30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти бабалар рухына 100 хатым дұғасын жасады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде киелі Кереку өңірінен шыққан әулиелер мен еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын жасады.

Республикалық Құран байқауы тікелей эфирден көрсетілуде (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы тікелей эфирден берілуде.

Нұр-Мүбәрак университетіне проректор тағайындалды (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті Қамқоршылар кеңесінің кезекті тоғызыншы отырысы өтті.

Мысырдан жеткен марапат Абай музейіне табысталды (фото)

Тамыз айында Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында ХІ дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі өтіп, Мәдениет министрлігі жанынан құрылған комиссияның шешімімен Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы марапаты берілген еді.

Бас мүфти Македония елшісімен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Македония Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен өз өтініші бойынша кездесті.

Түркі мүфтилер кеңесінің V мәжілісіне дайындық жұмыстары пысықталды

Астанада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғардың қатысуымен қазан айында өтетін Түркі мүфтилер кеңесінің V отырысына дайындық жұмыстары талқыланды.

Бас мүфти «Ұлттық балаларды оңалту орталығында» қайырымдылық шарасына қатысты

5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне орай бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында елордадағы «Ұлттық балаларды оңалту орталығында» қайырымдылық іс-шараға қатысты.

Астана имамдарына арналған семинар өтті

Елордада орналасқан «Достық үйі» ғимаратында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр» бағыттары аясында Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті.

«Әл-Фараби»: Бас мүфти жұма намазына қатысып, уағыз айтты (фото)

Бүгін қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма намазына қатысты.