30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Көкшетауда көпбалалы анаға пәтер берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 777-баспана Көкшетау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Махида Хасанхановаға табыс етілді.

Таразда «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесі өтеді

20-21 қыркүйек күндері Тараз қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесі өтеді.

ҚМДБ Төрағасы медресе ұстаздарымен сұхбаттасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана» медересе-колледжіне арнайы барып, оқу орынның ұстаздарымен сұхбаттасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Бас мүфти «Астана» медресе-колледж шәкірттеріне насихат айтты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтты. Кездесуде ҚМДБ Төрағасы шәкірттерді терең білім алуға шақырып, игі ниетін жеткізді.

Алатау қаласына бас имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласына бас имам тағайындалды. 

Бас мүфти ас-Сығанақи институтының тәлімгерлерімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының тәлімгерлерімен кездесті. Бас мүфти білім жолындағы дін қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Алматыда «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласындағы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің жанынан әйел-қыздарға арналған «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде елшімен сұхбаттасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде еліміздің Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапары барысында Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне арнайы зиярат жасады.