30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Каирде халықаралық конференцияға қатысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каир қаласында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен және Уақыптар министрлігінің ұйымдастыруымен  өткен «Сауаттылықты арттырудағы әйелдердің рөлі» халықаралық конференциясына қатысты.

Нұр-Мүбәрак университеті жұмысын жетілдіру жөнінде жиын өтті

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобының жиыны өтті.

Бас мүфти Әл-Азһар шейхы Ахмет Тайыппен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жұмыс сапары барысында әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыппен екіжақты кездесу өткізді. 

Каирде «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығы ашылды (фото)

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы елдегі өкілдігі, «Талаба» халықаралық студенттер қауымдастығы жанынан «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығы ашылды.

«Нұр Мүбәрак» университетіне жаңадан ректор тағайындалды

Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетіне жаңадан ректор тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһаридің кездесуінде айтылды.

Бас мүфти Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесті

Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы іссапар кестесіне сай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.

Семейде ел игілігіне жаңа мешіт пайдалануға берілді

Бүгін Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға ортақтасқан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы барша Абай жұртын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Бас мүфти зиялы қауым, ерікті жастар және қоғам белсенділерімен кездесті

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Семей қаласындағы алаштың алғашқы оқу ордасына арнайы келіп зиялы қауым және қоғам белсенділері, ерікті жастарымен кездесті.Ең алдымен 120 жылдық тарихы бар Алаш арыстары білім алған бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж тарихымен танысты. Білім ордасының директоры Шағагүл Алдамжарқызы тарихи ғимаратты аралатып, көне жәдігерлерді көрсетті.

Қалбатауда жаңа мешіт ашылды

Бүгін Абай облысы Жарма ауданының орталығы Қалбатауда “Сәдуақас ата” атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Құлшылық үйінің ашылуына құтты қонақ ретінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Абай Құнанбайұлы мешіті жанынан діни сауат орталығы ашылды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Абай облысының орталығы Семейде мүфтияттың діни сауат орталығы ашылды. Ең алғаш сөз алған Бас мүфти қайырымдылық ордасының ашылуымен құттықтап, сауабы мол игі іс жайында айтып өтті.