29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ақмола: «QURBAN2021» жобасы пысықталды

Ерейментау қаласында бас қосқан Ақмола облысының аудан және қала имамдары Құрбан айтта ұйымдастырылатын «QURBAN2021» жобасын талқылады.

Бас мүфти халықаралық фотокөрменің ашылуына қатысты

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Ұлттық музей мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудың Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған «ИСЛАМ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» фотокөрмесіне құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Аталған фотокөрме елорда күніне орайластырылған. Фотокөрмені өткізудегі мақсат – толерантты дүниетаным мен исламға деген құрметті қалыптастыру, ислам діні бейбітшілік пен тыныштықтың діні екендігін көрсету, қоғамдағы төзімділікті, бейбітшілік, келісім идеяларын насихаттау, халықаралық қоғамдастықтағы ынтымақтастық, Отанға деген құрмет пен тарихқа мән беру.

«Қазақта «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Асыл дініміз отанды сүюді, ел-жұртқа қызмет етуді әрқашан дәріптеп келеді. Еңселі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы – Отанымыздың жүрегі іспетті. Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына елордамыздың да еселі үлесі бар. Сондықтан алда келе жатқан елорда күні біз үшін мерей, мереке.

Фотокөрменің елорда күніне орайласып ұйымдастырылуы да бекер емес деп ойлаймын. Себебі сәулетті мешіттеріміздің бой көтеруі, басқа да асыл дініміздің абыройын еселейтін маңызды шешімдердің бәрі осы елордада қабылданды. Мұсылмандардың қастерлі мерекесі Құрбан айт мейірімділік пен бірліктің мерекесіне айналды» деді Бас мүфти көрменің ашылу салтанаты кезінде.

Наурызбай қажы Тағанұлы қонақтармен бірге Ислам әлеміне қатысты көрмені аралап шықты. Мұнда түрлі жанрдағы суреттер қойылған. Оның ішінде азан айту, неке қию рәсімі, қайырымдылық шарасы, Құрбан айт, намаз оқу сынды сәтті кадрлар таңдап алынған.

Ислам әлеміне қатысты көрмені елордадағы Ұлттық музейден тамашалай аласыз.

3dc7e7d3-26e8-4a82-a209-8280daf43997.jpg

10bef5c1-78bd-4f2f-980f-2bda551e65cf.jpg

ae58d5bb-4231-445c-8e4a-a3e4306a9bca.jpg

c88f31d0-c4ba-4885-a90f-dced1384e534.jpg

Нұр-Мүбарак университеті Түркияның Карабюк университетімен меморандумға қол қойды

Нұр-Мүбарак университеті халықаралық деңгейдегі әріптестік аясын кеңейтуде. 52 мың студенті бар, оның ішінде 92 мемлекеттен шетелдіктер де білім алатын Түркияның Карабюк университетінің басшылығы Нұр-Мүбарак университетімен ынтымақтастық орнату мақсатында қазақ жеріне арнайы ат басын тіреді.

Түркістан: ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті

Түркістан облысында дін мен дәстүр сабақтастығы, діни оңалту, Ихсан ілімін насихаттау қарқынды жүріп жатыр. Қазығұрт ауданында ЖАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Оған облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов пен РАНТ мүшесі Дастан Желеуов арнайы қатысып, теология бойынша дәріс оқыды.

Сондай-ақ дін мен дәстүр бағытында «Қымызмұрындық» іс-шарасы ұйымдастырылды. Қазығұрт, Сарыағаш, Келес ауданының ЖАНТ мүшелеріне облыстың наиб имамы Самат Анарбаев қымызмұрындық рәсімінің жөн-жосығын түсіндірді. Тұрбат ауылындағы «Исмайыл ата» мешітінде «Дархан дала» және «Зират және зиярат мәдениеті» атты екі семинар өтті. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов бұл іс-шаралар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, ҚМДБ бастамаларын қолдауға және жүзеге асруға бағытталғанын айтты.

Облыс имамы «Исмайыл ата» мешітінің жанынан салынып жатқан оқу корпусының құрылысымен танысты. Семинар соңында имамдар арасында қол күресі мен кір тасын көтеруден кішігірім турнир ұйымдастырылды.

7f59d985-cb37-4ce2-be6d-a7267cfca9e6.jpg

0b0ba22e-f8a0-4323-b11f-3a7f1b577f20.jpg

15c18cba-b9e3-4e31-b84b-cb23f9c57902.jpg

6aab0090-d9db-42c8-b3c9-a0b058815878.jpg

7dcba31b-3da2-4210-ae0e-834f48778e9a.jpg

Маңғыстауға Президент кеңесшісі келді

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Маңғыстау өңіріне келді. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов Президент кеңесшісімен жүздесті.

ҚМДБ төрағасы Түркия елшісінің кеңесшісін қабылдады

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жақында ғана тағайындалған Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі доктор Нешет Будур мырзамен кездесті.

Алматы: Бас имам БАҚ өкілдерімен жүздесті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан БАҚ өкілдерімен жүздесіп, оларды өткен байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.

Германияда имамдар даярлайтын оқу орталығы ашылды

Германияның Оснабрюк елді-мекенінде имамдар даярлайтын оқу орталығы ашылды. Бұл ислами оқу ордасы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бұл жайында islam.kz порталы неміс тілінде хабар тарататын Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Алматы: Жұмыстың жеті бағыты пысықталды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Наурызбай ауданы имамдарымен «Әбу Бәкір» мешітінде жүздесіп, ауданға қарасты 6 мешітті толық аралап шығып, олардың тыныс-тіршілігімен жіті танысты.

Бас мүфти коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы COVID-19 індетіне қарсы екпе алды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Бас мүфти екпеден соң өзін жақсы сезінгенін мәлімдеді.