Бүгін Алматыда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
Жаңалықтар
Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы құттықтау хатын оқып берді
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
«Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде айрықша орны бар іргелі діни білім ұясы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Нұр-Мүбарак университеті аз жылдың ішінде Қазақстандағы шын мәнінде рухани даму және ағарту орталығына айналды. Оқу ошағы жоғары білімді имамдар, исламтану және дінтану саласы бойынша араб, ағылшын тілі мамандарын даярлап, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Университет ұжымы мен шәкірттері алдағы уақытта да еліміздегі бейбітшілік пен татулықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды жаңғырту ісіне бар қажыр-қайратын аянбай жұмсай береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, білім-ғылым жолында жарқын жетістіктер тілеймін. Алла Тағала елімізді аман, тәуелсіздігімізді баянды етсін!» делінген Елбасы құттықтау хатында.





Бас мүфти: Тың тәсіл, жаңа идея аясында жұмыс істеуіміз керек
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда тәуелсіздігіміздің 30 жылдық, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады.
Бас мүфти Қарағанды облысының имамдарымен кездесті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының имамдарымен кездесті.
30 мамыр мұсылман зираттарында тазалық жұмыстары өтеді
30 мамыр күні ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Ақтөбе: «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабы таныстырылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде алғашқы толық Құран тәпсірі қазақ-орыс тілдерінде қалың оқырманға жол тартты.
Атырау: Абай атындағы мешіт ашылды
Атырау облысы жаңа мешітпен толықты. Аймақтың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылына арнайы барып, Абай Құнанбайұлы атындағы мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.
Әлихан Бөкейхан мешітінде медиа орталық ашылды
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітте медиа орталық ашылды. NAQYL MEDIA деп аталатын кешеннің ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
БҚО: Мешіт жамағаты білім сайысына қатысты
Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінде адамзаттың асыл тәжі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін жатқа айтудан білім сайысы өтті.
Түркістан: Жетісайда жаңа мешіт ашылды
Түркістан облысы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Өркенді ауылында Айдархан Өтенұлы атындағы жаңа мешіт ашылды.
Наурызбай қажы Тағанұлы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар барысында Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.