ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағандыға келген сапарында Қарабас кентіндегі 159/18 түзету мекемесіне барып, «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралған 5 азаматпен арнайы кездесті.
Жаңалықтар
«Әнет баба» мешітінде медиа орталық ашылды
Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде медиа орталық ашылды. «IHSAN MEDIA» деп аталатын жаңа орталықтың ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Қарағанды орталық мешітінде 150 отбасыға көмек көрсетілді
Қарағанды өңіріне ресми іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына арнайы қатысты.
Бас мүфти он пәтерді табыстау шарасына қатысты
Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша бір сәтте 10 баспананың кілті табысталды.
Игі шараға арнайы қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық, көмек сұрап келгенге көмектесу екенін атап өтті.
«Дінімізде тозаңның салмағындай жақсылық жасасаң да, қайырымын көресің дейді. Тозаңның салмағын өлшеп көрдіңіз бе? Оның өлшемін, оның қайтарымын Алла Тағала ғана біледі. Біздің бұл жердегі шынайы ниетіміз сақталуы керек. Бүгінге дейін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 400-ден аса пәтер берілді. Бұл – үлкен көрсеткіш. Осынша отбасыға қуаныш сыйлап, үй-жайлы болуына ықпал еттік. Міне, бүгін осында келген мұқтаж отбасылар тағы да қуанышқа кенеледі. Біз үшін одан асқан бақыт жоқ. Алла Тағала баршамызды осындай шат-шадыман сәттерімізден айырмасын» деді ҚМДБ Төрағасы.
Бүгінгі баспана беру рәсімінде Қарағанды облысы бойынша көпбалалы бірнеше отбасы, ауыл имамы және баспанаға мұқтаж өзге ұлт өкілі бар.





Бас мүфти Қарағанды облысының әкімімен кездесті
Қарағанды облысына екі күндік ресми сапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін аймақ басшысы Жеңіс Қасымбекпен кездесті.
Халал жәрмеңке жұмысы пысықталды
Алматы қаласында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен «Халал Даму» ұйымының жиыны өтті.
Семей имамдары 12144 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті
Қасиетті Рамазан ай бойы Семей өңірі имамдары отыз күн тынбай қызмет етіп, пітір садақадан және демеушілерден түскен қаражатты 12144 мұқтаж отбасыға арналған көмекке жаратты.
Маңғыстау: Ауыл имамына үй берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 404-баспанасы Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының имамы Құрбан Әділұлына бұйырды.
Алматыда өткен Құран байқауының жеңімпазы анықталды
л Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігі және «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Гүлжан Төлегенқызы» атындағы Құранды жатқа оқудан ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық байқау өтті.
Сайыстың шымылдығы Қуаныш қари Нұрланұлының Құран оқуымен ашылды. Батасын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай жасады.
Жүргізуші Қасым Ашимов қалалық Құран байқауын салтанатты түрде ашып беру үшін құттықтау сөзді Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабекке ұсынды.
Бас имам, ең алдымен, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, игі шараның басталуымен құттықтады. Алла Тағаланың кәләмі – Құранды ұлықтауға арналған Құран байқауының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, қасиетті Құранның ұлықтығын айтып, Құран мен қариларға жағдай жасаған жомарат жандар мен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына алғыс білдірді.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек еліміздің ертеңі болған жеткіншектер мен Алланың сөзін көкірегіне қаттаған қариларға ризашылығын білдіріп, барша үміткерге сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының төрағасы Ерсін қари Әміре байқау шарттарымен арнайы таныстырды. Қарилар қоржындағы сандармен белгіленген асықтарды алу арқылы Құран оқу кезектерін анықтады. Сөйтіп, қарилар кезекпен Құранды жатқа оқыды.
Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалау мақсатында Алматы қалалық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, «Ақсай» мешітінің бас имамы Бахтияр Қасымалиев, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қызметкері Айбар Кеңесбек және «Дархан» мешітінің ұстазы Мансур Инаятулла секілді көпшілікке белгілі қарилар байқауға қазылық етті.
Естеріңізге сала кетсек, қалалық Құран байқауға 86 қари қатысуға өтініш білдіріп, 18 мамырдағы Іріктеу сайысында өзара бақ сынаған-ды. Солардың ішінен 40 қари ақтық сайысқа жолдама алды.
Алматы Орталық мешітінде өткен жеңімпаз қариларды марапаттау кешіне «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, ақын Бауыржан Халиолла, Алматы облысының бас имамы Қуаныш Наржанов, Ерсін қари Әміре бастаған қазылар алқасы және мешіттің дін қызметкерлері қатысты.
Жеңімпаз қариларды марапаттаудан алдын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай осындай игі шараның өтуіне мұрындық болып, қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік еткен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабекке және марқұм Гүлжан Төлегенқызы анамыздың ұлы Нұрбол Болатұлына Алғыс хат табыстады. Сосын қалалық Құран байқауына қатысқан қариларды күні бойы тыңдап, бағалап отырған қазыларға да алғыс хат берілді.
Содан елімізге танымал дін және қоғам қайраткерлері өз қолдарымен жарыста орын алмаған әрбір қариға ынталанданыру сыйлығы ретінде 50 000 теңгеден берсе, ал жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлықтар табыстады.
Соның ішінде «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек толық Құранды жатқа оқу бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Сұлтанбай Назарға автокөліктің кілтін тарту етті.
Құран байқауының жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:
15 қари қатысқан Толық Құранды (30 пара) жатқа оқу бойынша:
- Бас жүлде – Сұлтанбай Назар
- І орын – Иманәлі Бейбітұлы
- ІІ орын – Абдулхаким Агзамханұлы
- ІІІ орын – Алибек Жанодилулы
15 қари қатысқан Құранның 15 парасын жатқа оқу бойынша:
- І орын – Раушан Хабиболла
- ІІ орын – Ахмадходжа Саивалиұлы
- ІІІ орын – Акмал Давранбекұлы
10 қари қатысқан Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
- І орын – Жәнел Серікқызы
- ІІ орын – Құлмаханбет Асылайым
- ІІІ орын – Фатима Абулқасымқызы
Шара соңында Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов Құран байқауына жоғары баға беріп, Құран мен қариларға құрмет көрсеткендерге Алланың ризашылығын тіледі.








«QMDB halal»: Елімізде алғаш рет күркетауық фабрикасы тексерілді
«QMDB halal» сертификатын алған алғашқы күркетауық фабрикасы «TURKЕY PVL» кәсіпорнында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.
Нұр-Мүбарак университетінен 300 түлек түлеп ұшты
Қасиетті Құран мен Қазақстан және Мысыр елдерінің әнұрандары орындалатын студенттік шақтағы жиындардың соңғысы бүгін Нұр-Мүбарак университетінің биылғы түлектеріне арналды.