Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда ашылған «Халық арна» телеарнасының студиясында болып, бөлімшенің жұмысымен танысты. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Бас мүфтиге студия жұмысын таныстырып, ақпарат саласындағы бастамаларын баяндап берді.
Жаңалықтар
«Халық арна» арқылы «Құран хатымға» қосылыңыз!
26 ақпаннан бастап Діни басқарманың төл телеарнасы «Халық арна» эфирінен «Құран Хатым» көрермен назарына ұсынылады.
Наурызбай қажы Тағанұлы Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында әйел-қыздар арасында өткен Құран жарысының жеңімпаздарын арнайы құттықтап, марапаттады.
Бас мүфти 7 баланың әкесі, белсенді имамға пәтер кілтін табыстады
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған жұмыс сапарында дін қызметкері Өсімхан Тілеуовке баспана кілтін табыс етті.
1-наурыздан бастап «жасыл аймақтағы» барлық мешітте жұма намазы оқылады
Бүгін Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
Бас мешіт жамағатына «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды
Осыдан бірер ай бұрын Елорда төрінде өткен IV Республикалық имамдар форумы аясында бірнеше маңызды құжаттар қабылданған болатын. Солардың бірі – «Ас беру мәдениеті» құжаты еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында бірізділікке келтіріп, кей отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған болатын.
Алматы: 100 отбасыға көмек көрсетілді
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық «Тайқазан» жобасы аясында «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық марафоны Алматы қалалық Орталық мешітінде жалғасын тапты.
Ғұламалар кеңесінде бірнеше құжат пен пәтуа қабылданды
Кеше Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі өз жұмысын жалғастыруда.
ҚМДБ төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге насихат айтты
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне насихат айтты.
Бас мүфти мен облыс әкімі жаңа мешіттің іргетасын қалады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған жұмыс сапарында 500 орындық Қайтпай Сұлтан мешітінің іргетасын қалады. Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.
«QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастады.