29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

 «ХАЛАЛ ДАМУ» мамандары – Қырғызстан діни басқармасында

Қырғызстанға арнайы іссапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти міндетін атқарушы Жорабай Шерғазыев мырзамен жолығып, тәжірибе алмасты.

Кездесуге мүфтияттың пәтуа маманы Тоқтоғазы Бахтияр мен Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің халал индустрия бөлімінің басшысы Кайырбеков Алмаз және «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл қатысты.

Ресми кездесуде тараптар Орталық Азиядағы халал индустриясының жай-күйі жайлы пікір алысты. Басқосуда күллі мұсылманға ортақ «халал» мәселесін халыққа насихаттау, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдіру, тұтынушылар арасында «халал» таңбасына деген сенімділікті қалыптастыру, т.б. мәселелері талқыланып, бауырлас елдердің ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Жорабай Шерғазыев «Халал Даму» ұйымының стандарттау және сертификаттау саласында атқарып жатқан қызметін жоғары бағалап, оң пікірін білдірді.

«Қырғыз – қазақ халқына ең жақын ұлт. Біздің дәстүріміз бен дініміз, мәзһабымыз бен мәдениетіміз бір. Ортақ құндылықтарымыз көп. Діни, рухани, халал бағытындағы әріптестік байланысымызды әрқашан жандандырып отыруымыз – татулығымыздың жарқын көрінісі. Қазақстан мен Қырғызстанның Діни басқармалары әрдайым өзара ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Бұл екі елдің алған бағыты бір, құндылықтары ортақ екенін паш етеді. Сіз бен біздің мақсатымыз – Алланың бекіткен халал тақырыбын насихаттау, халал индустриясы саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екі ел нарығында халал халал өнімдерді арттырып, тұтынушыларды адал өніммен қамтамасыз ету», – деп атап өтті Айбек Асқарбекұлы.

d96d1db9-2ef2-45a3-bcd8-531f0cd701b4.jpeg

Ресми жиынға арнайы келген экономика министрлігінің халал индустрия бөлімінің басшысы Кайырбеков Алмаз «Халал Даму» ұйымымен екіжақты меморандум жасасуды ұсынды. Меморандум негізінде тәжірибе алмасуға ықпал ететін игі шараларды жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Басқосу барысында Бас мүфти міндетін атқарушы Жорабай Шерғазыев «Халал Даму» тәжірибесін пайдалана отырып, болашақта халал сертификаттау бағытында жұмыс істеу жоспарда бар екендігін айтты. Бауырлас ел тәжірибесі негізінде халал стандарттау және сертификаттау саласын жетілдіру қажеттігін айтып, ресми сапармен арнайы келген «Халал Даму» мамандарына алғысын білдірді.

e17ba544-cf6b-4423-ac58-7fb4f873eb1b.jpeg

11918d79-afc3-457b-9643-6b517fe6a901.jpeg

7e83b262-f0da-417c-8638-7fbf1e0919dd.jpeg

Елорда имамдары «Ихсан ілімі» бағыты бойынша жиын өткізді

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінде «Ихсан ілімі бағытын кеңінен насихаттау» жұмыстарына қатысты кезекті жиналыс болып өтті.

«Халық арна» Нұр-Мүбарак университетінде болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халық арна» телеарнасының директоры Нұржан Дарқұлов Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді.

Бас мүфти деструктивті діни ағымда болған азаматтармен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Шындықты іздеген табады» атты тақырып аясында елордада арнайы кездесу өтті.

«Нұр-Мүбәрак» университетінде «NM COLLECTION» шеберханасы ашылды

«Нұр-Мүбәрак» университетінде көптен күткен сүйінші жаңалықтың тұсауы кесілді. Университет жанынан студент қыз-келіншектерді шеберлікке, тігінге баулитын кәсіби жабдықталған «NM collection» шеберханасы ашылды.

«Мұнара» газеті «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» шығармашылық байқауын жариялады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық «Мұнара» газеті авторлар мен оқырмандар арасында «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» атты шығармашылық байқау жариялайды.

«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азаттық – балалар көзімен» атты балалар арасында көркем сурет байқауын өткізеді.

Бас мүфти «Жусан» бойынша елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті.

Қыз-келіншектер арасында волейболдан жарыс өтті

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай волейболдан «Тәні саудың жаны сау» атты спорт жарысы өтті.

«Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық жасалды

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Игі шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы азық-түлік салынған сөмкелерді келушілерге үлестірді.