20
Сейсенбі, Тамыз

һижри

Әлемді басып озған Қазақстандық генетик (ВИДЕО)

Мақалалар
Жарнама

Шымкент халқының мақтанатындай жағдайы бар. Озық технологиялардың алдын басып озатын жаңа жүйені ойлап тапқан Бауыржан Аитуовтың жаңалығы ел арасында лезде тарады. 

Жұқпалы (инфекциялық) ауруларды тексеруге арналған арнайы тест жобасын отандасымыз Бауыржан Аитуов ойлап тапты. Генетиктің айтуы бойынша, Қазақстанда ПЦР тесттері жасалмайды. Ал, шетелдік ғалымдардың ұсынып отырған құрылғылары біршама миллионның бағасына татитыны айтпаса да түсінікті. Халқымыздың жағдайы қымбат құрылғыларды игеретіндей дәрежеде емес. Алайда, ынта мен маңдай терді біріктіре білген Бауыржан ағамыздың еңбегіне әлі талай ғасырлар алғысын айтатын секілді. 
Отандасымыз ойлап тапқан жүйе бойынша, ПЦР тесттерін термоблок немесе ықшамды су құтысында жасауға болады. Мұндай оңай жасалынатын әдісті, тіпті, ауылды жерлердегі ауруханаларда да еш қиындықсыз жүргізуге болады. Анализге бола ұзақ арақашықты жүруден арыламыз деген сөз. Егерде жүйе мемлекеттік дәрежеде сіңіп кететін болса, халқымызға көп пайда алып келер еді.
Жасалған жүйені тексеру барысында 100%-дық тиімділік алынғаны бекітілді. Тексеру диагностикалық клиниканың биоматериалында іске асты. Болашақта отандық әдістің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерге де тарайтыны болжанып отыр. Тек, ағамызға патент алып, Қазақстандық екенін бекіту қалды.
Бауыржан ағамыз «Жол карта бизнесі» атты мемлекеттік гранттың иегері болып та үлгерді. Патентке де арыз хатты жолдап қойғаны жасырын емес. Енді ағамыз толықтай іске беріліп, өндірістік зертхананы дайындап жатыр. 

Бауыржан Аитуов:

«Қымбат аппаратуралар мен құрылғылардың еш қажеті жоқ. Анализдердің дайын болу жылдамдығы өте жоғары. Мысалға, бір ПЦР тесттің дайын болуы үшін негізінде 2-3 сағат кетеді. Ал біздің жүйе бойынша нәтижелер жарты сағаттың ішінде дайын болады. Шетелдік әдістен басты айырмашылығы – ДНК-ның мутантты ферментін қолдануымыз болып табылады.»

{youtube}487K8arlx3A{/youtube}

Ақпарат 24.kz сайтынан алынды. 

 

 

Бөлісу: