Неміс ғалымдары біздің планетамызда ер балалардың көп туылуына қарамастан, әйелдер саны ерлерден көп болуын теория негізінде түсіндірді. Алайда, мұндай үрдіс жақын уақытта өзгеру мүмкін.
Макс Планка атындағы эволюциялық антропология институтының (Германия) мамандары адамзаттың демографиялық тарихына қатысты зерттеу нәтижелерін «Investigative Genetics» журналында жария етті. Мұндай зерттеу жүргізу үшін ғалымдар генетикалық ақпаратты алатын жаңа әдісті ойлап тапты.
Ақпаратты өңдеу барысында, ұл балалардың туу үлесі қыз балаларға қарағанда жоғары болуына қарамастан ата-бабаларымыздың тайпалық өмірінде әйел санының көп болғандығы анықталды. Бұл өз кезегінде ер балалардың ерте өлімімен тығыз байланысты. Ал әйел үлесінің көптігінен көп әйел алушылық пайда болды. Яғни, ең соңында ер адамдарға қарағанда, өз ұрпағына ең көп ген «сыйлаған» әйелзат болып табылады.
Алайда, ғалымдар әйелдер саны азайғаны болашақта өз зардабын тигізуі ықтимал деп ескертеді.
Соңғы мәліметтер қарғанда әрбір 100 қыз нәрестеге орта есеппен 104-106 ұл бала туылуына қарамастан, әлемде басы бос әйелдер саны көп.
Іс жүзінде, бұл жағдай әлдеқайда күрделі. Соңғы кездері, әлемде, мысалы Қытай мен Үндістанда қыздардан гөрі, ер балалар көп дүниеге келіп жатыр. Алайда, бұл құбылыс табиғаттың тылсым күшімен емес, қарапайым ата-ананың есебімен түсіндіріледі. Тіпті, Қытайдың өзінде, отбасының бір ғана баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі болған жағдайда, таңдау әрине, ұл балаға түседі. Себебі, қыз баланы өсіріп-баптап, оның жасауын дайындаумен қатар, қыз бала келешекте басқа отбасыға кетіп қалады. Не есімін, не руын сақтап қалмайды. Ата-анасы қартайған кезде қамқоршы да бола алмайды.
Ер балалар мен қыз балалардың саны тең болып туылуының көптеген теория бар. Соның кеңінен тарағаны – ұл бала соғыс, қыз бала бейбіт болашақтың белгісі. Ал мен болсам, ер адамдар – тұрақсыздық, ал әйелзат – тұрақтылық белгісі ретінде қабылдаймын.
Адамдарды таңдандыратын тағы бір мәселе: неліктен қарт шалдарға қарағанда қарт апалардың саны басым болады? Мұның да өз жауабы бар. Себебі, ер адамдар арасында өлім көрсеткіші әлдеқайда жоғары әрі ер адамдардың өмір сүрудің орташа көрсеткіші әйелдердің өмір сүрудің орташа көрсеткішімен салыстырғанда әлде қайда қысқа.
Анастасия Калинина,
әлеуметтанушы, демограф, антрополог