26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Имам Матуридидің дінге қызметі

Ақида
Жарнама

Имам Әбу Мансур ибн Мухаммад Матуриди[1] (рохматул-лаһи ғаләйһи) өз ғұмырын сүнеттен ауытқып, адасқандардың пікірін түзеу әрі Ислам ақидасын қорғауға сарып етті.

Х ғасырдың бірінші жартысында қарама ағымына Мухаммад ибн Ахмад Нахшаби басшылық етіп, бұл ағым бүкіл Мауаранаһрға кеңінен жайылды. Сол кездегі Мауаранаһр падишасы Наср ІІ және оның қоластындағылар да қарамшылардың иғтиқадың қабыл етті. Сол кезде-ақ әһлүс-суннадағылар мен қарамашылардың арасында айтыс-тартыс болып жататын. Наср ІІ тағын өзінің ұлы Нуһқа (943-954 ж. падиша болған) тапсырғаннан соң, жаңа падиша ақиқатты білу мақсатында қарамашылардың басшысы Нахшаби мен әһлүс-суннаның білгірі Имам Матуридиді (рохматул-лаһи ғаләйһи) сөзтартысқа түсірді. Сол кездесуде Имам Матуриди (рохматул-лаһи ғаләйһи) үстем болып, Нахшаби дарға асылды. Нәтижеде әһлүс-суннауәл-жамағаның ақидасы дұрыс деп қабылданып, ресми иғтиқад ретінде қабылданды.

Алайда әһлүс-сунна толық жеңіске қол жеткізді деп айту әлі ерте еді. Себебі, түрлі теріс ағым иелері көпшілікті тура жолдан азғыруын тоқтатпады. Сол ағымдардың ең қауіптісі муғтазилә[2] ағымы болатын.

Өздерінің теріс пиғылдарын шеберлікпен жасыруы себебінен муғтазиләларды әһлүс-суннадан ажырту қиын еді. Осы себептен оларға алданғандар дабаршылық болды. Мысал ретінде имам Әбу Хасан Әли ибн Исмаил Ашғариді[3] (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтса болады. Әуеліде имам Ашғари (рохматул-лаһи ғаләйһи) муғтазилдерге еріп, ақиқатқа көзі жеткенен соң тәубеге келіп олардан ажыраған. Дәлірек айтар болсақ, имам Ашғари (рохматул-лаһи ғаләйһи) 40 жасқа толғанда әһлүс-суннаға өтіп шафиғи мазһабын ұстанған. Сол шафиғи мазһабында болған шағында «Ашғария ақидасын» жазған.

Негізі имам Ашғаридің (рохматул-лаһи ғаләйһи) каләм (ақида) саласындағы басты еңбегі «Мақоләтул-исләмиин уа ихтиләфул-мусоллин» деп аталады.

Имам Ашғари (рохматул-лаһи ғаләйһи) мұсылмандардың ақидасын түрлі бұрмалаушылықтан тазарту ісіне бар күшін салып, нәтижеде «Ислам байрағы» құрметті лақабқа ие болды.

Имам Матуриди (рохматул-лаһи ғаләйһи) муғтазилдерге қарсы тұра білді әрі олардың әһлүс-суннаның ақидасын бұрмалау әрекеттеріне жауап ретінде мынайда еңбектер жазды:

- بيان وهم المعتزلة (баяну уаһмил-муғтазилә);

- التوحيد (әт-таухид);

- المقالات (әл-мақаләт);

- الرد على القرامطة (ар-радду ғаләл-қарамата) т.б.

Имам Матуридидің (рохматул-лаһи ғаләйһи) еңбектерінің ішінде муғтазилдердің көсемдерінің бірі «бүтін дүние имамы» деп аталған Кағбидің қателіктерін әлемге паш еткен еңбектерін атаса болады. Мәселен:

- رد الأصول الخمسة لأبي محمد الباهلي (раддул-усулил-хамса ли Әби Мухаммад Әл-Баһили);

- أوائل الأدلة للكعبي (әууәилүл-әдилләти лил-кәғби);

- رد كتاب وعيد للفساق للكعبي (радду китаби уағид лил-фуссақи лил-кәғби);

- رد تهذيب الجدل للكعبي (радду тәһзибл-жәдәл лил-кәғби).

Аталмыш еңбектерде Кағби әһлүс-сунна ақидасын бұрмалаушылық сұрқия әрекеттері баян етілген. Сонымен қатар имам Матуриди (рохматул-лаһи ғаләйһи) рофизи және қараматиларға қарсы еңбек жазғаны мәлім.

Имам Матуриди (рохматул-лаһи ғаләйһи) өз дәуіріндегі адасқан ағымдардың қателіктерін анықтап ол жайында өзінің التوحيد (әт-таухид) және التأويلات ماتريدية في بيان أصول أهل السنة وأصول التوحيد (әт-таауиләту матуридийа) жазған.

Негізі Ислам ғалымдары имам Матуридидің (рохматул-лаһи ғаләйһи) осы еңбегін өте жоғары бағалаған. Мәселен, Қожа Халифа (рохматул-лаһи ғаләйһи) былай деген: «Бұлбағасы теңдессіз бір еңбек. Тіпті каләм саласына қатысты бұрын жазылған кітаптың бірі де бұған тең емес. Өзге еңбектермен салыстырғанда бұл еңбек жеңіл әрі қолайлы жазылған».

 



[1] Нақты туған жылы белгісіз.

[2] Һижри ІІ ғасырда (80-131 һ.ж.) Басрада пайда болған ағым. Муғтазиләлар Уммауилер халифатының ақырында пайда болып, Аббасилер халифатының дәуірінде күшіне енді.

[3] 260-324 һж.

Бөлісу: