23
Сенбі,
Қараша

һижри

Сауадул-ағзам еңбегінен

Ақида
Жарнама

1-мәселе: иманда шүбә болмауы тиіс

Сахабалардың ішіндегі «шайхул-муфассирин» атағына лайық болған Абдуллаһ ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) былай деген: «Мүмин пенде: «Ин ша Аллаһ, мен мүминмын»-демейді. Бәлкім үзілді-кесілді түрде: «Мен ақиқат мүминмін»-деп айтады». Яғни, ақиқат мүмин ешбір күмәнданбастан: «Мен Хақ Тағалаға иман келтіремін»-дейді.

Иман тұрғысынан адамдар үш топқа бөлінеді:

1. Мүмин;

2. Мұнафық;

3. Кәпір.

Осыған сай Аллаһ Тағаланың бар екеніне және жалғыздығына шүбәсіз иман келтірген пенде – мүмин, ал иманында шүбә болған пенде – мұнафық, ал имансыз адам – кәпір болады.

Шын иманды пенде «ин ша аллаһ, мен мүминмін» деп айтуы мүмкін емес. Себебі, Аллаһ Тағалаға иман келтіру мәселесіндегі пенденің «ин ша Аллаһ» (құдай қаласа) деген сөзі оның өз иманына сенімсіз екенін көрсетеді. Сондықтан мұндай адам кәміл иманды пенде болып есептелмейді.

Мұның мысалы: біреу біреумен бір науқасты ертесіне зиярат етуді келісті. Сонда оның келіскен адамы келе алатынына көз нақты сенбеу себебінен: «Ин ша Аллаһ, келемін»-дейді. Осы себептен ол ертесіне келе алмаса, күнәһар болмайды. Ал егер: «Жақсы, келемін»-деп сөз беріп тұрып келмесе, онда сөзінде тұрмағаны үшін күнәһар болады. Сондықтан да мүмин пенде иманын күмәннан тазартып «мен Аллаһ Тағалаға нықсенемін, ақиқатында мен – мұсылманмын» деп үзілді-кесілді айтады.

Иманда шүбә болмауы тиіс. Бұл жайында Жәббар Иеміз «Бақара» сүресінің 285-ші аятында былай деген:

آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لاَ نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ وَقَالُواْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ

«Пайғамбар мен мүминдер оған Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Олардың барлығы Аллаһ Тағалаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. Олар: «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың»-деп айтады».

Аллаһ Тағала бұл аяттарда мүмин пенде иман келтіруіне міндетті нәрселерді баян етті. Егер осы нәрсенің әрбіріне қатысты «ин аш Аллаһ, иман келтіремін» деп айтар болсақ, онда иманымыз дұрыс болмайды.

Имам Тирмизи және имам Ибн Мажәһ Әлиден (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деген:

لايؤمنعبدحتىيؤمنبأربع: يشهدأنلاإلهإلااللهوأنيرسولاللهبعثنيبالحقويؤمنبالموت والبعثبعدالموتيؤمنبالقدر

«Пенде төрт нәрсеге иман келтірмейінше иманды бола алмайды:

1. Хақ Тағаладан өзге тәңір жоқ екеніне және менің хақ жолмен жіберілген пайғамбарлығыма;

2. Өлім хақ екеніне;

3. Өлімнен кейін қайта тірілу ақиқат екеніне;

4. Тағдыр хақ екеніне».

 

Міне, осы хадис иманда «ин ша Аллаһ» деген сенім орынсыз екеніне нақты дәлел.

Бөлісу: