29
Жұма,
Наурыз

һижри

Cауаптар он еселенеді

Ғибратнама
Жарнама

Үбәйдулла ибн Мұхаммед (р.а) әңгімелеуде: 

"Бірде қайыр тілеп жүрген біреу хазірет Әлидің есігін қақты. Әли (р.а) ұлына: "Анаңа алты дирхам берген едім. Соның бірін алып кел» деп жұмсайды.

Ұлы қайтып келіп «Анам оған ұн алмақшы екен» деді. Әли (р.а.): «Мүмін дүниесін сауап жолында жұмсамай, қолында сақтағанды артық көрсе, онда оның иманы толық болмағаны» деп, әлгі дирхамның барлығын алып келуін әмір етеді. Хазірет Фатима анамыз алты дирхамды баласынан беріп жібереді. Әли (р.а.) бұл қаражатты қайыршының қолына ұстатады.

Сол арада түйесін сатпақ болған бір адам Әлидың үйінің тұсынан өтіп бара жатты. Әли (р.а.) түйенің бағасын сұрайды. Түйекеш: «Жүз қырық дирхам» дейді. Әли (р.а.) саудаласып жатпастан: «Түйеңді маған қалдырып кет. Ақшасын кейін беремін» деп түйені алып қалады.

Осы кезде табан астынан түйе сатып алғысы келген басқа біреу кеп: «Бұл кімнің түйесі?» деп сұрады. Әли (р.а.) «Менің түйем» деді. «Түйеңді маған сатасың ба?» дейді бейтаныс. «Сатамын» дейді Әли (р.а.). «Қанша сұрайсың?» дейді аларман. Әли (р.а.): «Екі жүз дирхам» деді. Сатып алушы бұл бағаға екі сөзге келмей келіседі. Хазірет Әли алғашқы түйенің иесіне қарызын, яғни жүз қырық дирхамын қайтарып берді. Қалған алпыс дирхамды Фатима анамызға алып келгенде, ол «Бұларды қайдан алдың?» дейді таңдана. Әли (р.а.): «Бұл бізге уәде етілген сый. Құранда «Кімде-кім Алла Тағалаға бір жақсы амалымен келсе, оған жасаған амалының он есесі беріледі» делінген» ("Әнғам" сүресі, 160-аят) деп жауап берді. 

"Тағылым таразысы" кітабынан алынды

Бөлісу: