20
Сейсенбі, Тамыз

һижри

«Фатиха» сүресiнiң екінші аят тафсирi

Бір аят тәпсірі
Жарнама

الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

«Ол – бүкiл жаратылысқа қамқорлық Етушi, ерекше Мейiрiмдi».

"الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ"(ар-рохманир-рохим)[1] сөзiнiң тафсирi: Алла Тағала «Фатиха» сүресiнiң бiрiншi аятында адам баласына: «Мен бүкiл әлемнiң Жаратушысымын, әрi бүкiл әлемдi ретке Келтiрушiмiн. Сен үшiн Менен басқа мақтауға лайық ешкiм жоқ»,-деп, артынша Өзiнiң көркем сипаттарын баян етiп: «Мен аса Қамқор, ерекше Мейiрiмдiмiн»,-дейдi. Өйткенi Алла Тағала «барлық жаратылғанға қатысты шексiз және кәмiл рақымдылық Иесi. Ол мына пәни дүние мен Ақыреттiң Қамқоршысы және екi дүниенi Мейiрiмiне бөлеушi».[2]

Алла Тағаланың "الرَّحْمَنُ"(Ар-Рохман)[3] және "الرَّحِيمُ"(Ар-Рохим)[4] сипаттарының ерекшелiктерi: Әл-Хаттаби (родиял-лаһу ъанһу): «Ар-Рохман»-ның мағынасы: шексiз рақым Иесi. Оның рақымы өзiне бүкiл жаратылысты ризық, тiршiлiк қажетi және игiлiгi-мен қамтамасыз етудi қамтиды. Әрi Алла Тағала Өзi жайында: «Ол – мүминдерге ерекше мейiрiмдi»,-дегенiне сай,[5] Оның «Ар-Рохим» сипаты тек мүминдерге қатысты»,-деген.[6]

Әбу Әли Әл-Фариси (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Ар-Рохман» өзiне рақымдылықтың барлық түрiн қам-тыған жалпы есiм. Бұл есiм осы мағынада тек Алла Тағалаға тән әрi Алла Тағала Өзi жайында: «Алла Тағала мүминдерге ерекше мейiрiмдi»,-дегенiне сай, Оның «Ар-Рохим» сипаты тек мүминдерге қатысты».[7]

Әл-Ъарзами (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Алла Тағала барлық жаратылысқа қамқорлық Етушi және мүминдерге ерекше Мейiрiмдi».[8]

Абдуссамад МАХАТ,

«Нұр Астана» орталық

мешітінің наиб имамы

 



[1]Ол – аса Қамқор, ерекше Мейiрiмдi.

[2]«Мухтасару тафсири Ибни Кәсир».

[3]қамқорлық Етушi.

[4]мейiрiмдi Болушы.

[5]“Ахзаб” сүресi, 43 аят.

[6]«Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари».

[7]«Әл-Жәмиъу ли әхкәмил-Құран».

[8]«Жәмиъул-Баян ъан та`ауили аййил-Құран».

Бөлісу: