23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

Бір аят тәпсірі

Бір аят тәпсірі
Жарнама
مَلِكِ يَوْمِ الدِّينِ

«Қиямет күннiң Патшасы – Алла Тағалаға мақтау болсын».

Алла Тағала – Қиямет күннiң Патшасы, екi дүниенiң ақиқат Тәңiрi. Ол қалауынша жарылқайды немесе жазалайды.

Қасиеттi Құран Кәримде "الدِّينُ"(әд-дин)[1]сөзi: Алла Тағалаға бойсұну, яғни жалғыз Алла Тағалаға құлшылық ету (бұл «дiн» сөзiнiң түп негiзгi мағынасы),[2] Ислам дiнi,[3]жаза, сый,[4] амалдар есебi,[5] билiк,[6] қазылық, үкiм,[7] әдет, жағдай[8]-мағыналарында айтылады.

Қиямет күнi дегенiмiз не?

Алла Тағала айтады:

وَمَا أَدْرَاكَ مَا يَوْمُ الدِّينِ (17) ثُمَّ مَا أَدْرَاكَ مَا يَوْمُ الدِّينِ (18) يَوْمَ لاَ تَمْلِكُ نَفْسٌ لِنَفْسٍ شَيْئًا وَالأَمْرُ يَوْمَئِذٍ للهِ (19)"

«Қиямет күнi не екенiн бiлесiң бе? (17) Иә, Қиямет күнi не екенiн бiлесiң бе? (18) Ол бiреу бiреуге көмектесе алмайтын және бүкiл билiк Алла Тағалаға тән болатын күн (19)».[9]

Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) Қиямет күнiне түсiнiктеме берiп былай деген: «Қиямет күнi әрбiр жаратылған iстеген iсiне есеп беретiн күн. Олардың жазасы амалдарына сай, жақсыға жақсы, ал жаманға жаман жаза берiледi».[10]

Қиямет күнi Жаратушыны жоққа шығарған Оның құдiреттiлiгi, әдiлдiгi мен даналығына көзiн жеткiзедi. Бұл дүние мен мұндағы мансап, байлық және дәреже пәни, яғни жалған болу себебiнен Қиямет күнi мұсылман мен кәпiр, бай мен кедей, патша мен құл Хақ Тағаланы ұлықтаған, Оның жарылқауына лайық болуды үмiттенген күйде бiр деңгейде тұрады. Себебi, Қиямет күнi Алла Тағала:

أَنَا الْمَلِكُ أَيْنَ مُلُوكُ الأَرْضِ؟ أَيْنَ الْجَبَّارُونَ؟ أَيْنَ الْمُتَكَبِّرُونَ؟

«Мен бүкiл әлемнiң Патшасымын. Жер бетiндегi патшалар қайда? Күшi жеткендердi жәбiрлеушiлер қайда? Әмiрiме бойсұнудан бас тартқан тәкаппарлар қайда?»-дейдi.[11]

 



[1]дiн.

[2]“Ислам энциклопедиясы”, Мысыр, 2002 ж., “Дiн” түсiнiктемесi. “Әнфәл” сүресi, 256 аят.

[3]Бұл да сонда. “Әли Ъимран” сүресi, 83, 85 аят.

[4]“Ислам энциклопедиясы”, Мысыр, 2002 ж., “Дiн” түсiнiктемесi. الجامع لأحكام القرآن للإمام القرطبى”, دار الكتب العلمية، بيروت -  لبنان, 1993 م, 1/100. مختصر تفسير ابن كثير، اختصار الصابونى”, دار الكتب العلمية, بيروت – لبنان, 1981 م, 1/22. “Соффат” сүресi, 53 аят.

[5]Бұл да сонда. “Нур” сүресi, 53 аят.

[6]“Ислам энциклопедиясы”, Мысыр, 2002 ж., “Дiн” түсiнiктемесi. “Уақиъа” сүресi, 86 аят.

[7]“Ислам энциклопедиясы”, Мысыр, 2002 ж., “Дiн” түсiнiктемесi. تفسير الجلالين”, Bayazit, Istanbul, 1994 ж.,ص 197. “Юсуф” сүресi, 76 аят.

[8]“Ислам энциклопедиясы”, Мысыр, 2002 ж., “Дiн” түсiнiктемесi. الجامع لأحكام القرآن للإمام القرطبى”, دار الكتب العلمية، بيروت -  لبنان, 1993 م, 1/101.

[9]“Инфитар” сүресi, 17-19 аят.

[10]مختصر تفسير ابن كثير، اختصار الصابونى”, دار الكتب العلمية, بيروت – لبنان, 1981 م, 1/22.

[11]Хадистi Әбу ·урайра (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еттi. مختصر تفسير ابن كثير، اختصار الصابونى”, دار الكتب العلمية, بيروت – لبنان, 1981 م, 1/22.

Бөлісу: