10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі, оның мәдениеті, әдеп-тәртібі, өнегесі ерекше құбылыс. Ежелден қалыптасқан бұл жүйе ұлы далада биік шыңға көтерілді. Міне, биыл тарихи тұлға Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдық мерейтойы елімізде халықаралық деңгейде тойланып жатыр. Назарларыңызға Қазыбек бидің шешендік өнерінен ел аузындағы мына тапқырлық өнегесін ұсынамыз.

Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен деседі:

 

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың - шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын....

 

– Алтын ұяң – отаның қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат...

 

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өр қиын,

Тентек болса ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бос миың.

 

ummet.kz 

Бөлісу: