25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Мумтаз мейрамханасына сертификат берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

15 желтоқсан күні ҚМДБ-ның Халал стандарты бойынша Астана қаласындағыөкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлимов Елордадағы «Мумтаз» халал мейрамханасының басшылығымен кездесіп, халал стандартына сай жұмыстарымен танысты.

Мейрамхананың тазалығы, намазхана бөлмелерінің жай-күйі, асхананың санитарлық талаптарға сай болуы сынды маңызды жайларға баса назар аударған Халал стандартының өкілі А.Сәлимов «Мумтаз» мейрамханасын Халал стандартына сай деп тауып, мейрамхана басшылығына ҚМДБ сертификатын табыстады.

Кездесу соңында А.Сәлимов аталмыш мекемеге ел игілігі жолындағы жұмыстарының алдағы уақытта жемісті болуына тілектестігін жеткізді.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: