22
Жұма,
Қараша

һижри

Жамағаттың ынтымағын арттырған жиын

Мешіт тынысы
Жарнама

Әрдайым жамағаттың ынтымағы мен береке-бірлігі берік болса, мешіт көркі сол болмақ. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бұған назарын салып келеді. Сәт сайын мешіт жамағаттырымен жеке-дара кездесіп, олардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап беріп жатады. Сондай-ақ, мешіт жамағатынан жиналған шәкірттерімен де жүйелі дәрістер жүргізуде. Бас имам бастамасымен ер және әйел жамағаттарына түрлі игі шаралар ұйымдастырылады. Мұның барлығы айналып келгенде ынтымағы жарасқан, үлгілі жамағат қалыптастыру жолындағы ізгілікті істер.

«Ынтымағы жарасқан ел озады» дейді дана халқымыз. Бабалар салған сара жол бүгінде жалғасын табуда. Наурыз айының 3-күні «Нұр Астана» орталық мешітінде 300-ге жуық жамағатқа бас қосу дастарханы жайылды. Мақсат – жамағаттың өзара бауырмалдығы мен ынтымағын арттыру. Ауызбірлікті мұрат еткен жамағатқа ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам – ынтымақ діні» тақырыбында тұщымды ой қозғап, бірлік болмай, береке болмайтындығын аят-хадистермен нақтылай атап көрсетті. Дін ұстанған әрбір мұсылман баласына әрдайым татулық пен ынтымақ және жік-жікке бөлінбестен көппен бірге болу ауадай қажет. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай "Жүрек жарастығы" тақырыбында айтқан уағызында осы мәселелерге жіті тоқталды.

Еске салсақ, өткен айдың соңында ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы әйел жамағатына жайылған дастарханда болып, асыл дініміздегі әйел затының орны, мұсылман әйелінің келбеті, бала тәрбиесіндегі ананың маңыздылығы турасында әңгіме өрбіткен-ді.

 

 

 

 

«Нұр Астана» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: