22
Жұма,
Қараша

һижри

Астана имамдарының жиыны өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласының имамдарымен кездесіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған іс-шаралармен танысты.

Мұнан өзге алдағы кезеңдерде Астана қаласы мешіттері жанынан атқарылуы керек істердің бағыт-бағдарын айқындап берді. Атап айтқанда, жамағат арасында "Теңбіл доп", "Бауырыңа өмір сыйла!" атты қайырымдылық шара, "Ер есімі - ел ісінде" соғыс ардагерлерін құрметтеу, "Жолың болсын, жас түлек!" мектеп оқушыларына ақжолтай кездесу шарасы және мешіттер жанынан балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсын ұйымдастыру жұмыстарын тапсырылып, олардың атқарылу бағыттары талқыланды.

Қала имамдары бас имам жүктеген тапсырмаларды негізге ала отырып жұмыс жасайтындықтарын және қасиетті Шағбан айында жамағатқа ауызашар ұйымдастыру, ынтымақ-бірлігін арттыру мақсатында сауапты істер жасау тұрғысындағы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: