22
Жұма,
Қараша

һижри

Қос мешітте уағыз айтты

Мешіт тынысы
Жарнама

Республикалық ақпаратық-насихат тобы бүгін кешкілік қос мешітте насихат жұмыстарын жалғастырды. ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ-ның белгілі теологы Арман Қуанышбаев «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде болып, жиылған жамағатқа ардақты пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның намазы туралы уағыз айтты.

Пайғамбар намазының мән-маңызы мен дәрежесі жайлы айта келе, жамағатты құлшылықтағы құлшынысты арттыруға шақырды. Нәзік те күрделі дін тақырыбында орын алып жататын талас-тартыстарды болдырмауға бір үмметтің жамағаты жауапты әрі міндетті екенін еске салып, «тіл мұсылмандықтан дін мұсылмандықтың» қайырлы боларын жеткізді. Осы орайда қазақ топырағында Ислам дінінің Ханафи мәзһабында дәні егіліп, тамырын жайғанын жеткізіп, мәзһабқа мойынсұнып, бірлікті бекем сақтау керектігін де ескертті. Қаланың байырғы орталығынан қоныс тепкен мешітте танымал теологтың уағызына жиылған жұртшылықтың қатары мол болды.

Ал РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Нұрмұхаммед Иминов Астана іргесіндегі Пригородный елдімекені тұрғындарымен кездесті. «Әлжан Ана» мешітінде өткен жүздесуде Н. Иминов Ислам дініндегі некенің мән-маңызы туралы әсерлі уағыз жүргізді.

Жалпы, РАНТ іссапарында әр кездесуде айтылар уағыз бен талқыланар тақырыптар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтып отырғанын айта кетуіміз керек.

«Отан отбасыдан басталады» деген тәмсіл қай уақытта да құнын жоймайтын дана халқымыздың қастерлі өсиеті іспеттес. Бүгінгі қоғамды құраушы халықтың, әрбір шаңырақтың бүтін болуы ел келешегінің кепілі болмақ. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен бастау алатынын ескерген дін мамандары отбасы жауапкершілігі, ислам дініндегі некенің мән-маңызы туралы халыққа мол мағлұмат беріп, әсерлі әңгіме өрбітті. Көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Ал ертең РАНТ-ның бас қаладағы іссапары қасиетті Жұма күні «Нұр Астана» және «Кунта қажы» мешітінде жұма уағызымен тәмамдалады. Мерейлі мерекеге дөп келетін жұма уағызында дін дағуатшылары «Дінаралық достық, ұлтаралық татулық  пен сыйластық» тақырыбында уағыз айтады.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: