
«Шейх Кунта қажы» мешіті 20 отбасыға жәрдем көрсетті (ФОТО)
«Шейх Кунта қажы» мешіті 20 отбасыға жәрдем көрсетті (ФОТО)
24 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұйымдастыруымен кеше Елордамыздағы 20 мұқтаж отбасыға азық-түлік түрінде жәрдем көрсетілді. Құлшылық ордасының бас имамы болып жақында ғана тағайындалған Ибрагим Сматаевтың ұйытқы болуымен мешіт жамағаты сауапты іске белсене атсалысып, азық-түлік сөмкелеріне үйлеріне жеткізіп берді.