23
Сенбі,
Қаңтар

һижри

«Нұр-Мүбарак» университеті қабылдау науқанын бастады

Ел іші
Жарнама

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің қабылдау комиссиясы түлектерді оқуға қабылдайды.

Университеттің оқу үдерісінде оң өзгерістер бар. Биылдан бастап оқу орнында Исламтану мамандығы бойынша орыс тілі бөлімі ашылып отыр. Енді Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тарапынан осы мамандыққа бөлінетін мемлекеттік білім грантынан енді орыс бөліміне тапсырған талапкерлер де емтихан тапсыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Нұр Мүбәрак» университетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Исламтану – Нұр-Мүбарак университетінің негізгі мамандандырылған саласы. Бұл мамандыққа түсу үшін биыл ҰБТ тапсырған талапкер кешенді тест (КТ) тапсырмайды. Ал тестік сынақта 3 пәннің әрқайсысы 4 балдан жоғары, 4-ші таңдау пәнінің  балы 7 балдан жоғары болуы керек. Олардың тек қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінен жинаған жалпы балы мен шығармашылық емтиханның нәтижесі қосылып, конкурсқа қатысады. Кешенді тестке қатысушылардың да жалпы балы осылай есептеледі. Орта арнаулы оқу орны мен биыл ҰБТ тапсырмаған талапкерлер білім грантынан үміттенсе, міндетті түрде КТ тапсыруы қажет. Исламтану мамандығы тек Нұр-Мүбарак университетінде ғана оқытылатындықтан, КТ осы университетте ғана тапсырылады және өзге мамандықтарға қарағанда да қабылдау уақыттарында айырмашылық бар:

«5В021500 - Исламтану» мамандығына құжат қабылдау 20-30 маусым аралығында жүргізіледі. Ал шығармашылық емтихан 2-7 шілдеде өткізіледі. Кешенді тес 17-23 шілде аралығын қамтиды. Шығармашылық емтихан қасиетті Құран, фикх, ақида бойынша ауызша өткізіледі.

 «5В020600 – Дiнтану», «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарына жалпы қабылдау науқанына тән ережелер жүреді. Құжат қабылдау 20.06-09.07, ал кешенді тест шілденің 17 мен 23 аралығында.

Қабылдау кезеңінде талапкерлерге  жеңілдетілген бағамен  университеттің жанында орналасқан заманауи үлгідегі жатақханадан орын беру жайы қарастырылған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: