23
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Бас мүфти «Халифа қажы Алтай» мешітінің ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Қасиетті рамазан айында Алматы облысы, Қырғауылды елді-мекенінде «Халифа қажы Алтай» мешіті мұсылман жамағатының пайдалануына берілді» деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. Айта кетейік, мешіт жеке кәсіпкерлер мен демеушілердің көмегімен тұрғызылды.

Айтулы іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, жиналған жамағатты құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады.

«Мешіт салу - жүрегі Алла деп соғатын жанның шын көңілінен шығатын игі іс. Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Мешіт салып, ізгі істерге атсалысу сауапты іс. Мешіт – жамағатты бірлік пен ынтымаққа, имандылыққа ұйыстыратын рухани орталық. Мешіт - кез келген мұсылманды ұлтына, тіліне қарап бөле-жармай бір жерге тоғыстыратын құтты мекен», – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сонымен қатар, мешіттің ашылу салтанатына Халифа Алтай атамыздың ұлы Абдурахим Халифаұлы мен Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Алматы облысының бас имамы Әсет Аташев қатысты.

Игі шара барысында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіттің бас имамы қызметіне тағайындалған Кенжетай Махмұтұлына қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етті.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: