23
Сенбі,
Қаңтар

һижри

ҚМДБ баспасөз хатшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың аймақтардағы баспасөз хатшыларын журналистер күнімен құттықтады. Бұл туралы Muftyat.kz хабарлайды.

«Асыл дінімізді насихаттауда, халқымызға дұрыс діни ақпарат жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Осы бағытта Діни басқарманың Баспасөз бөлімі, ресми сайттарымыз және аймақтағы баспасөз хатшылары өнімді еңбек етіп келеді. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы.

ҚМДБ қызметкерлері қатысқан басқосуда наиб мүфти Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлын да айтулы мерекемен құттықтап, Бас мүфти атынан сыйлық табыстады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: