23
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Рамзан Қадыров бас мүфтиді Ораза айтпен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атына Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Р. Қадыров мейірімділік пен имандылық, адамгершілік сияқты асыл құндылықтар салтанат құратын Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт мерекесі барша мұсылмандарға игілік пен жақсылық әкелсін деген тілегін жеткізген.

«Сізді мүбәрак Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылықтарымыз бен әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке нәсіп етсін!», – делінген құттықтау хатта. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: