20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қапшағайда балаларды сектаға тартқандар ұсталды

Ел іші
Жарнама

Қапшағай қаласында балаларды заңсыз түрде сектаға тартқан Евангелистік-христиандық баптистік шіркеу өкілдері құқыққорғау органы қамауға алды, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

«Алтын Емел» демалыс орталығында Оңтүстік Кореяның жеті бірдей азаматы және АҚШ-тың бір азаматы 28-31 шілде аралығында ағылшын тілін тегін оқыту курсын өткіземіз деген желеумен 127 балаға заңсыз інжілдік жазғы лагерь ұйымдастырған.

Аталмыш лагерьде олар өз діни ағымын балаларға насихаттап, уағыз жүргізіп, діни әдебиеттер таратқан. Курс өткізілген орыннан күмәнді сұйықтық құйылған бөтелкелер мен құрамы белгісіз сағыз табылды. Осы заттарды діни ағым өкілдері балаларға таратып келген. Ал діни мазмұндағы курс туралы балалардың ата-аналарына еш хабар берілмегені белгілі болды.

«Алтын Емелдегі» осы жайттар туралы құқыққорғау органы өкілдері «102» пультіне демалыс орнында балаларға қызғылт түсті сусындар ішкізіліп, діни рәсімдерге қатысуға мәжбүрлеуде деген хабарламадан біліп, дереу уақиға орнынан табылады.

Полиция өкілдері мен балалар психологы лагерьдегі 11 баламен сөйлесіп, ата-аналарының ағылшын курсының діни бағытынан хабарсыз болғанын байқады.

Қазіргі уақытта осы деректер бойына соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Балаларға берілген сусын мен сағызға сот-медициалық сараптамасы бекітілді. Бұдан бөлек, секта мүшелерінің барлық діни мазмұндағы кітаптарын тәркіледі.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: