19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти блогер-журналистермен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы елордада бір топ блогер-журналистерді қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Хабар», «Қазақстан», «Асыл арна» телеарналарының продюсерлері, журналистері мен блогерлері қатысқан басқосуда бас мүфти діни басқарманың игі жобалары мен жоспарларын баяндап берді. Сонымен қатар, дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, имамдардың біліктілігін арттыру, «Зекет» қорының жұмысы, қазақ жастарының діни ілімі, жат ағымдармен күрес, мүфтияттың төрт бағыт бойынша іс-шаралары, т.б. мәселелер төңірегінде пікір білдірді.

«Игі жұмыстарымызға әрдайым ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер. Өз атымнан айрықша алғыс білдіремін. Бізді біріктіретін мақсаттар көп. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Журналист ізгілікті насихаттаса, иманды қоғам құруға үлкен септігін тигізеді. Алла Тағала ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге береке берсін» деді бас мүфти.

Журналистер өз тарапынан діни басқарманың жұмыстарына әрдайым ақпараттық қолдау жасауға дайын екенін жеткізді. Қонақтар сонымен қатар мүфтият жанынан журналистер клубын құру, тұрақты сенім телефонын іске қосу туралы ұсыныстарын жеткізді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: