13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Биыл 751 мешітте 45 456 адам діни сауатын ашты (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылау Төралқа мәжілісі өтуде, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Аймақтағы, облыстағы өкіл имамдардың қатысуымен өтіп жатқан басқосуда ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Республика бойынша 751 мешітте сауат ашу курстары жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылы аталмыш курстарда 45 456 (оның ішінде 31 789-ы – ер, 13 667-і әйел) адам діни сауатын ашты. Балаларға арналған жазғы курстарда 12 152 оқушы имамдардың тәлімдік дәрісін тыңдады.

Үлкен Төралқа мәжілісі ертең де жалғасын табатын болады.

 

{youtube}80ZZ4G58Ufo{/youtube} 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: