13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Биыл 1,5 млн-нан аса жанға уағыз айтылды

Ел іші
Жарнама

Биыл еліміз бойынша 1 648 163 адам діни дәріс сабақтарына қатысып, дін мамандарының уағызын тыңдаған. Бұл жайында Астана қаласында РАНТ мүшелерінің қорытынды жиналысында айтылды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан есеп беру жиналысында Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мен  Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) да есебі ұсынылды.

Жалпы көрсеткіш бойынша, биылғы жылы еліміз бойынша жалпы саны 41 517 кездесу өткізіліп, уағыз жұмыстарының аясы 1 648 163 жанды қамтыған. Оның ішінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерден – 40 646 жан, оқу орындарында дәріс алушылардан 250 074 жан, мемлекеттік және түрлі мекеме қызметкерлерінен 183 471 жан, мешіт жамағаты мен тұрғындар арасынан 1 155 846 жан дәрістерге қатысып,  діни сауаттылықтарын арттырған.

Айта кетейік, РАНТ құрамында діни білім жоғары 30 маман қызмет атқарады. Ал, Жергілікті ақпараттық-насихат тобына 295 маман жұмылдырылған. Жұртшылықты жат ағымдардан сақтандырып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттау барысында аянбай қызмет етіп келе жатқан дін қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында биыл 802 отандасымыз адасқанын айтып, қатарымызға қайта оралды.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: