13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

РАНТ мүшелерінің қорытынды жиналысы өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) қорытынды жиналысы өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Халықтың діни сауаттылығын арттыру жолында аянбай қызмет еткен білікті мамандардың қорытынды жиналысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысып, РАНТ мүшелерінің жұмысына өз пікірлерін білдірді.

Еліміздің дін саласындағы 30 білікті маманнан құралған 6 топ биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінде кездесу өткізіп, 125 817 жанды қамтыған уағыз жұмыстарын жүргізген. Кеше болып өткен ҚМДБ Үлкен Төралқа мәжілісінде 802 жанның жат ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінімзге қайтып оралғаны айтылған еді. Адасқан жандарға анық жол сілтеп, ақиқат дінді танып-білуге РАНТ мүшелерінің де уағыз-дәрістері әсер еткені сөзсіз.

Қорытынды жиналыс барысында РАНТ мүшелерінің жұмыстарымен қатар, ЖАНТ (Жергілікті ақпараттық-насихат тобының да атқарған жұмыс нәтижелері айтылды. ЖАНТ мүшелері биылғы оқу орындары мен мемлекеттік және түрлі мекеме қызметкерлерімен, мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары, оқушылар мен студенттермен, тағы да басқа жандармен жалпы саны 41 090 кездесу өткізген.

 

Жиналыс барысында өңірлердегі діни ахуалды көзімен көріп қайтқан РАНТ мүшелерінің түрлі ұсыныстары талқыланып, келер жылға келелі жоспарлар түзілді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: