30
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бас мүфти Түркия елшісін қабылдады

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Ұянық мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфти мәртебелі мейманмен  бауырлас елдер арасындағы рухани, діни саладағы байланыстар мен ізгі жұмыстар жайында пікір алысты. Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі діни тұрақтылық пен рухани келісімнің нәтижесінде ислам діні дамып, насихат жұмыстары жанданып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, 2015 жыл Діни басқарма үшін нәтижелі, елеулі іс-шаралар жылы болғанын жеткізген бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі жобаларына қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас елдің басшысына, Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез мырзаға алғыс білдірді.

Өз кезегінде Невзат Ұянық мырза бас мүфтиге де жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мен Түркияның діні, тамыры бір бауырлас ел екенін айтып, бауырластық байланыс болашақта да жалғаса береді деген сенім білдірді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: