30
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қазақстанда балаларды темекі түтінінен қорғау мәселесі көтерілді

Ел іші
Жарнама

Қазақстандағы бірқатар қоғамдық ұйымдар жас балаларды тасымалдаушы көліктегі жүргізушілердің темекі шегуіне тыйым салу бастамасын көтерді.

Осындай ұсынысты «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі Ассоциациясының президенті Арсен Шауков жария етті. «Бұл мәселені көтеру керек. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда темекі тарту мәселесі де шешілуі тиіс. Бұл темекі шегушінің өзі емес, қасындағы, айналасындағы адамдарға зиянын тоқтату үшін өте маңызды. Әсіресе, көлік жүргізуші салонда жас балалар отырғанда темекі шегуіне қарсымыз» деп атап өтті Шакуов.

Еске сала кетсек, елімізде бұған дейін көлік жүргізу үстінде темекі шегушілерді жазаға тарту ұсыныстары да көтерілген болатын. Осыған байланысты ассоциация президенті А.Шакуов мұндай мәндегі тәртіптік жазалар Қазақстандағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыра түседі деп мәлімдеді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: