29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти: Дін саласында табанды еңбек етуіміз керек (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни басқарма бөлім басшылары мен дін қызметкерлерінің жиыны өтті. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев, Мешіт істері бөлімінің басшысы Жаділлә Бекжігітов, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалықов басқарма төрағасына діни бағытта ақтарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бөлім басшыларының сөзінен кейін жиналғандардың назарын діннің әр саласындағы мәселелерді жіті қадағалап, дамытуға қатысты міндеттемелер жүктеді.

«Діни басқарманың жұмысындағы төрт бағыты, Имамдар форумында қабылданған төрт құжаты, Дін мен дәстүр бастамасы дін қызметкерлерінің мақсаты-міндеттерін айқындап берді. Діни бағыттағы жұмыс – кез келген тұстан жол салып жүре беруге болатын ашық алаң емес. Ғасырлар бойы қазақ даласында дін ұстанудың жолы, мектебі қалыптасты. Міне, біз ең алдымен сол жүрер жолымызды жүйелеп, бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек болды. Осы мақсатта Діни басқарманың жұмыс жасау бағыттары мен құжаттарын жасау қажеттілігі туды. Енді осы бағыттарды басшылыққа ала отырып табанды еңбек етуіміз керек» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти аппарат жиынында көтерілген мәселелер бойынша бөлім басшыларына өз жұмыстарын жандандыруды және іске асырылып жатқан 4 бағыт (уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс,  қайырымдылық іс-шаралар, сауат ашу курсы) аясында барлық міндеттерді іске асыруды тапсырды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: