29
Жұма,
Наурыз

һижри

Атыраудағы қайырлы акция (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Сен де үлес қос!» науқаны аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді» деп хабарлайды орталық мешіттің баспасөз қызметінен.

 

Мешіт шәкірттері және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жастарының  «Жан жылуы» деген бастамамен «Мұқтаж болсаңыз - керегіңізді алыңыз! Сіздің жаныңызға жылылық сыйлау - біз үшін қуаныш», - деген ұранмен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, игі дәстүрге орай мешіт ауласына киіз үй тігілді.

Аталмыш шарада әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға түрлі киім-кешектер, балаларға ойыншықтар үлестірілді. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға арнайы көмек беру мақсатында азық-түлік те сатылды. Ондағы жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалынатын болады.

Осындай қайырлы іске ұйытқы болып, қолдау жасаған барша жомарт жанды азаматтарға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өз ризашылығын білдірді. 

 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: