19
Жексенбі,
Қаңтар

һижри

Жаратқаннан жаңбыр сұрап, дұға етті

Ел іші
Жарнама

Маңғыстау өңірінің өкіл имамы Смаил Сейтбектовтің бастамасымен аймақ халқы тасаттық беруде. Бұл туралы өкілдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Маңғыстау облысында соңғы жылдары жаңбыр сирек жауып, құрғақшылық байқалуда. Қыс бойы қар көрмеген өлке тұрғындары наурыз айының соңғы күндері де 2 тәулік бойы соққан шаңды дауылдан әбігерге түскен еді.

Өкіл имам Смаил Сейтбеков бесін намазына жиылған жамағаттың басын қосып, мешіт ауласында 2 рәкат истисқа намазы оқылып, жамағат Алладан жаңбыр сұрап жалбарынды. Мешіт ақсақалы Лепес қажы Алладан жаңбыр тілеп арнайы дұға жасады.

Истисқа намазынан соң мешіт ауласында тігілген қос киіз үйде садақа берілді. Садақаға жиналған жамағатқа облыс имамы С.Сейтбеков уағыз айтып, адамзаттың күнәсі себепті Алланың нығметі жоғалып, Жаратқаннан жаза келетіні жайында уағыз айтып, Алладан көп кешірім сұрап, күнәдан алыс болуға шақырды. Облыстың өзге де мешіттерінде дін қызметкерлері истисқа намазын оқып, Жаратқаннан жаңбыр сұрап, дұға етуде.   

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру