24
Сенбі, Тамыз

һижри

Мемлекет басшысы: «Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған»

Ел іші
Жарнама

Бірлікті сақтап, алауыздыққа жол бермеу қажет. Бірлігі бекем елді ешкім де жеңе алмайды. Осылай деген Елбасы «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» жастар форумында батыр бабалардың арманы болған тәуелсіз елдің шаңырағын түтетіп отырғанымызды айтып өтті деп хабарлайды BNews.kz.

«Батыр бабалалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе өз арасындағы алауыздығынан әлсіреген. Күшейсе, бірлігімен күшейген. Сайын даламызды сақтап қалу үшін ата-бабаларымыз қанша қан төкті, тер төкті, қанша қырғын болды. Сондықтан, бүгінгі келген жақсылық, басымыздағы тәуелсіздік солардың да үлкен шаруасы болып саналады. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған. Жеңсе, тек қана бір-біріне қазақты айдап салып, әлсіретіп, содан кейін алған», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ел ішінде бірлікті сақтап, алауыздыққа жол бермеудің аса маңыздылығы жөнінде тоқталып: «Бұл тарихтың бізге берген тағылымы. Ешуақытта ұмытпауымыз керек», - деп түйіндеді.

Бөлісу: