20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Н.Назарбаев: «Жастарымыздың Тәуелсіздік мұратына адал болатынына сенімдімін»

Ел іші
Жарнама

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге!» атты жастар форумында еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың баянды ете түсудің маңыздылығына назар аударды» деп жазады Ақорда баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақтың ел тарихын білуі, дәстүрді және қоғам құндылықтарын сақтауы ерекше мәнге ие екенін айтты.

Мемлекет басшысы бүгінде барлық қазақстандықтарды жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына өз қатыстылығын сезіну сияқты ортақ құндылықтар  біріктіретінін атап өтті.

- Мен бүгінде патриоттардың жаңа буыны өсіп, ержетіп келе жатқанын көріп отырмын. Сендер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалдарымен тәрбиелендіңдер. Өз еңбектеріңмен, білімге және нақты істерге деген ұмтылыстарыңмен Мәңгілік еліміздің мерейін асырып жүрсіңдер. Мен жас азаматтарымыз Тәуелсіздік мұратына адал болатынына, табыстар эстафетасын жалғастыратынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

Форумға Қазақстанның бүкіл өңірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардың жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардың іргелі ұйымдарының көшбасшылары да болды.

Іс-шара қорытындысы негізінде «Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге!» жастар форумына қатысушылар Қазақстан жастарына арналған Үндеу қабылдады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: