18
Бейсенбі, Шілде

һижри

Түркістан сапары: мүфтилер жаңа мешітте жүздесті

Ел іші
Жарнама

Түркия Президенті Реджеп Ердоғанның мемлекеттік сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы бастаған делегация киелі Түркістан шаһарының тарихи-мәдени орындарын аралады. Түркия делегаттары ең алдымен Қожа Ахмет Яссауи кешені, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражайында болып, тарихи мұралармен танысты.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі талайғы ғасыр күллі түркі әлемі қасиет тұтқан алтын бесік іспеттес. Бүгінде «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи қорық-мұражай аумағына біріктірілген кесене мен оның маңындағы археологиялық ескерткіштер 465 гектар аумақты алып жатыр. Онда 6 музей болса, соның біреуі ашық аспан астында орналасқан. Ал, музей қорында 13 800 жәдігерлік, ғылыми кітапханада 5 мыңнан аса кітап жинақталған.

Мұнан соң мәртебелі қонақтар кесене маңынан бой көтерген жаңа мешіттің ашылу салтанынатына қатысты. Түрік делегациясының қатарында келген Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажұлымен жүздесіп, дін жайында пікір алмасты. Дінбасылар асыл діннің аманаты жайында сөз қозғап, ел руханиятын баянды ету туралы келелі сұхбат құрды.

ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: