04
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қарағандыға «Қайырымдылық керуені» жөнелтілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгін Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек 20 тонна қайырымдылық жүгі артылған автокеруен жіберді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Қайырымдылық керуені» акциясына Алматы қаласының тұрғындары мен дін қызметкерлері атсалысты.

Игі шараға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып: «Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға, қоғамға ортақ мәселе. Басына ауыртпашылық түскен адамға көмектесу – ол да мұсылмандығымыздың белгісі», – деді.

Алматы қаласынан бастау алған «Қайырымдылық керуені» ертең Астана, Қарағанды қалаларындағы мешіттерден жалғасын табаы.  Қазіргі уақытта облыс мешіттері жанынан ашылған қоғамдық пункттерде азық-түлік, тұрмыстық заттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: