20
Жексенбі, Қазан

һижри

Maturidi.kz ақпараттық, діни-танымдық сайтының жаңа үлгісі іске қосылды

Ел іші
Жарнама

XXI-ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялардың тасқындаған уақыты. Ал жаңа технологиялардың тілін меңгеру заман талабы. Сондай-ақ, «ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екені ақиқат. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамның бір-бірімен байланысын арттырады.

 

Сондықтан, заманның үнін тап басу мақсатында maturidi.kz ақпараттық, діни-танымдық сайты жаңа үлгіге ауысқаны туралы қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді. Өткен жылы ғана жаңа атаумен ашылған аталмыш сайт ақпарат кеңістігінде өз орнын алып, жағымды жаңалықтарымен, мазмұнды мақалаларымен, білікті де білімді теологтардың видео-медиа дәрістерімен оқырмандарын ақпараттандырып келеді.

«Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру, Әһлу сунна имамы Әбу Мансур әл Матуриди еңбектері мен төл мазһабымыздың ғұлама ғалымдарының еңбектерін жариялау, дін мен дәстүрді дәріптеу, ел ынтымағы мен бірлігіне үлес қосу, имандылық кәусарына бет бұрған жандарды дұрыс әрі маңызды діни құндылықтармен сусындату - maturidi.kz ақпараттық, діни-танымдық сайтының басты мақсаты болып қала бермек. Жақсы жаңалықты жалпыға жариялауға атсалысыңыз ағайын!

 

 

Бөлісу: