16
Сәрсенбі, Қазан

һижри

Танымал теолог «әт-Тақуа» жамағатымен жүздесті

Ел іші
Жарнама

"Белгілі теолог, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы Атырау өңіріне келіп, "Әт-Тақуа" мешітінде жамағатқа уағыз жүргізді" деп хабарлайды Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметінен.

Дінтанушы ғалым ақшам намазынан соң "Мұсылманның сипаты" тақырыбында жиылған жұртшылықты нәрлі уағызбен сусындатты.

Уағыз барысында бірлік пен ынтымақ, көркем мінездің маңызы, соның ішінде ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамзат үшін ең көркем мінезді жан екендігі туралы салиқалы сөз қозғады. Сондай-ақ, қой терісін жамылған қасқыр сынды саф діннің атын желеу еткен теріс пиғылды ағымдардың келеңсіз әрекеттерін де мысалдап жеткізіп, олардан сақ болудың жолдарын айтты.

Дін ғалымының уағызынан рухани нәр алған жамағат игілікті кездесу шарасын ұйымдастырған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлына және қалалық "Әт-Тақуа" мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлына жүрекжарды ризашылықтарын да білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: