19
Жұма,
Сәуір

һижри

Елордада Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтуде

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана төрінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өткен сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысады. Олардың қатарында ассамблеяның барлық өңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым және БАҚ өкілдері бар. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: